Графика — (гр graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен). Графика



Скачать 27.96 Kb.
Дата20.11.2018
Размер27.96 Kb.

Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен).

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры.  Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho– жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара немесе қоңыр дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, Сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның барлық түрлері плакаттықсатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпенкөмірменборменқаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға немесе бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланысақпарат саласында (плакаттарпошта маркаларыэкслибристергазет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатурашарж, жалпы нобайкомпозициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварельгуашьпастель пайдаланылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да ВинчиМикеланджелоРембрандт, орыс халқының Орест КипренскийКарл БрюлловВасилий ПеровИлья Репинсынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне БалқашТүркістанМаңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©dogmon.org 2017
обратиться к администрации

    Главная страница