Ізгілік педагогикасының негізгі идеялары «Ізгі мұғалім мектептің жүрегі»



Скачать 50.41 Kb.
страница1/10
Дата09.02.2019
Размер50.41 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ІЗГІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ
«Ізгі мұғалім - мектептің жүрегі»

Ы.Алтынсарин
Елбасының сөйлеген сөздерінде қазақстандықтардың рухани-адамгершілік дамуының өзектілігі күн тәртібіндегі мәселе ретінде қойылды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Еліміздің көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 Стратегиясы», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдаулары, сонымен қатар барлық білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша кешенді типтік жоспарды жүзеге асыру аясында әзірленді. Жоғарыда аталған нормативтік құжаттарда қазақстандық қоғамның негізгі даму басымдықтарын анықтайтын білім беру саясатының негізгі бағыты болып, педагогикалық кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру және ұлттық білім беру жүйесінің рухани-адамгершілік негіздерінің мәнін күшейту болып табылады.

Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында былай деген екен: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек...Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.».



Міне осы тұрғыдан, қоғамдық санадағы өзгерістің болуына білім беру саласы ықпал жасайды, деп айта аламыз. Сол себептен, қоғам санасын жаңғыртуда, яғни қоғамның рухани жаңғыруында ең басты рөлді педагог атқарады.

«Рухани жаңғырудың" жалғасы: елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында осы руханилықты қазақтың дүниетанымынан зерделеуден бастау қажеттілігін айтады: «Көтерілген мәселелер жан-жақты  ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты».



Елбасымен алға қойған міндеттерді шешуге ізгілік педагогикасы және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім берудің әлемдік тәжірибесінің негізіндегі, С.А.Назарбаеваның жобасы арналған.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©dogmon.org 2017
обратиться к администрации

    Главная страница