Ізгілік педагогикасының негізгі идеялары «Ізгі мұғалім мектептің жүрегі»



Скачать 50.41 Kb.
страница2/10
Дата09.02.2019
Размер50.41 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Ізгілік педагогикасы» пәні адамға шынайы бақытқа, өмірді қанағаттану мен жан тыныштығына ие тұтас үйлесімде дамуына мүмкіндік береді. Жастарға рухани-адамгершілік білім беру, қоғамдағы жоғарғы идеалдарды бекітуге және адамгершілік қасиеттерді иеленген лайықты, мінезі байсалды, беделді азаматтарды тәрбиелеуге, негіз болып табылады.

Бірақ, өкінішке орай, қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника, экономика қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы ізгі қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз-өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Ең сорақысы, қазақстандық мектептерде, ұстаздар арасында авторитарлық стильмен жұмыс жасайтын мұғалімдердің көбейіп кетуі немесе инклюзивті бағдарлама бойынша оқытып жатқан ер мұғалімдер (статистикадан алынғын мәлімет, математика, дене шынықтыру пән мұғалімдері арасынан) арасында инвалид-оқушыны зорлау, зорлық-зомбылық көрсету фактілері бар. Оны біз ақапараттар құралдарынан біліп отырмыз.

«Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» жобасы аясында Қазақстандық балалардың жағдайын және құндылықты бағдарларын зерделеу» тақырыбындағы кешенді социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ата-аналар, бірінші ретте, баланың денсаулығын ойлайды екен.

Ата-аналар белгілеген маңызды құндылықтардың бестігіне келесілер кірді: денсаулық (82%), балалар (79%), қауіпсіздік (64%), отбасы және дәстүрлер (43%) және әл-ауқат, молшылық (37%). Алынған нәтижелер ата-аналардың көбісінде, балалар арасында сияқты, отбасы, оның әл-ауқаты және денсаулығы құндылықтары таралғанын көрсетеді. Сондай-ақ, балалар сұрауының нәтижелері бойынша секілді қазақстандықтардың көпшілігі үшін де қауіпсіздік маңызды екені көңіл аударарлық жағдай.



Сондай ақ, ата-аналардың көбісі рухани дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы отбасыда қалыптасты деп жауап берді. Алайда, сонымен қатар, едәуір бөлігі мектеп пен жоғары оқу орындарының баланың рухани тәрбиесіндегі рөлі төмендегенін айтады:


Ал авторитарлық стильмен жұмыс жасайтын, балаға зорлық-зомбылық, парақорлыққа үйрететін мұғалімдер қалай денсаулықты сақтайды. Бұл жерде тек, физикалық денсаулықты айтып отырған жоқпыз, сонымен қатар психикалық, ең бастысы рухани денсаулықты. Егер біз, Абай айтқандай, толыққанды адамды тәрбиелейтін болсақ, онда бірінші ретте, болашақ педагогтарды толыққанды рухани тұлға ретінде тәрбиелеуіміз қажет. Сонда ғана, статистика көрсетіп отырғандай, мектеп пен жоғарғы оқу орындары бала тәрбиесінде айтарлықтай орын алар еді.

Статистика бойынша, бірнеше сарапшы белгілегендей, білім беру мекемелерінде тиісті түрде баланың қауіпсіздігі сақталмайды.
МО_Аст#1. Егер Адам құқықтары жөніндегі өкілде әр аймақта үйретілген адамдар тобы жұмыс істеп, олардың келуі, есептері оң нәтижеге әкелсе, ал бала құқықтарын қорғау саласында тыныштық орнап тұр. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бағынышты ұйым, балаларды қорғауға тұруға тырыспай, шенеуніктерге ыңғайлы шешімдер қабылдайды, балалардың әр осал санатын заң қорғайды, заң бар, бірақ ол іс жүзінде қолданылмайды.

ГУ_Ал#3.Балалар бос уақытының барлығын интернетте өткізеді, түрлі діни ағымдарға қосылу, олардың мінез-құлқын құратын интернетте әртекті ақпаратты қарау.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©dogmon.org 2017
обратиться к администрации

    Главная страница