Ізгілік педагогикасының негізгі идеялары «Ізгі мұғалім мектептің жүрегі»



Скачать 50.41 Kb.
страница8/10
Дата09.02.2019
Размер50.41 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сол себептен ізгілік педагогикасы өз дамуының әрбір кезеңінде, кезгелген қоғамда, бүгінгі күнде де өзінің өзектілігін жоғалтпайды.

 «Ізгілік педагогикасы» негізінде болашақ ұрпақты сонымен қатар болашақ педагогты ізгілікке тәрбиелеу деген методологиялық көзқарас қалыптастырылған. Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді» дейді. 

Ұлы ғұлама Абайдың айтуы бойынша: «Рухани байлық – өмірдің ең басты құндылығы», осы пікірді ұран ретінде пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Абай «Білімділік, әділдік, парасаттылық қасиеттері кімде көбірек болса, сол адам – дана, ғұлама, әлем басшысы» деп, асыл ойларымен бүкіл әлемге танымал рухани ұстаз!



Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ұстазының ойын жалғастырып былай деген екен: «Жастайынан бастап адамдардың бойында жоғары парасаттылық, өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу керек, бұл оның өзіндегі айуандық инстинкті жоюға, қауіпті құмарлықты құртуға көмектеседі. Сонда ғана адамның және адамзаттың түзелетініне үміттенуге болады».

Осы орайда, көрнекті педагог, педагогика және психология ғылымдарының докторы, Ресей Академиясының академигі, Халықаралық Ізгілік педагогикасы орталығын құрушысы, рухани ізгілік тұжырымдамасы және көптеген ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің авторы Шалва Александрович Амонашвили былай дейді: «Уақыты өтіп, келмеске кетіп бара жатқан технократизм заманымен басталып жатқан Жүрек пен Рухани заманының тоғысында мәртебелі рухани және адамгершілік құндылықтар жаңғыруда, құндылықтарды саралау жүзеге асуда, білім саласы жаңарып, руханилық, гуманизация және гуманитаризация жағына, тұлғаны дамытуға арналған жүйелерді іздеуге бет бұруда».

Шалва Александрович мынадай ізгі қасиеттерге көңіл бөлуге шақырады:



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©dogmon.org 2017
обратиться к администрации

    Главная страница