Ізгілік педагогикасының негізгі идеялары «Ізгі мұғалім мектептің жүрегі»



Скачать 50.41 Kb.
страница9/10
Дата09.02.2019
Размер50.41 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
- Біріншіден, баланы қандай болса да сүйе білу. Сотқар, ерке, тыңдайтын, тыңдамайтын, ақылды, ақылсыз, еріншек, тәртіпті болсын, барлығын бірдей сүйе білу қажет. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік олармен қатаң болып, ар- намысына қысым көрсетуге, әр қайсысының жетістіктеріне қуанбасқа жол бермейді

- Екіншіден, балаларды түсіне білу, яғни олардың көзқарасын қолдау, олардың бар қамын ойлап, әр ісін қалжыңсыз қабылдай, санаса білу. Олардың іс-әрекетін кешіре салмай, құрметпен қараған жөн. Баланы түсіну - оны өз билігіңізге көндіру емес, олардың бүгінгі өміріне қарап, ертеңгі өмірінің өскінін өсіру. Баланың жаны мен жүрек толғанысын, талпынысы мен сезімін түсіне білу; 

-Үшіншіден, әрқашан оптимист болу, тәрбиенің өзгерту күшіне деген сенім қажет. Бұл жерде сөз екі қолын қусырып, балаға үміттене қарап, оның қай уақытта ақылы кіріп, ойлау қабілетін таныту сәтін күтеді, кейін оның тәрбиесімен айналысатын, санасын дамытуға кірісетін филантропиялық оптимизм туралы емес, педагог баланың ішкі әлеміне терең үңіле, оны әрі қарай тәрбиелеу, оқыту мен дамыту жолдарын іздестіруі туралы болып отыр.

Төртіншіден, мұғалімнің тұла бойы тұнып тұрған ең жақсы игі қасиеттерден тұруы қажет: ол - жадыраған келбет, ол - жарасымды қаталдық, ұстамдылық пен қарапайымдылық, сезгіштік, шынайылық, зиялылық пен көпшілдік және өмірге деген үлкен сүйіспеншілік болмақ. 

Сонымен, болашақ ұрпаққа рухани байлықтарын танытып, игерту және оқушылардың бойынан ізгі жалпыадамзаттық құндылықтарды шығару кезкелген мұғалімдердің, яғни тек өзін-өзі тану мұғалімдері ғана емес, пән мұғалімдерінің де басты мақсаты болып табылады.

Сол арқылы мұғалім оқушының нашақорлыққа, басқыншылыққа, маскүнемдікке, зорлық-зомбылыққа бой ұрмауын қамтамасыз ете алады. Әрине, бұл істе кезкелген мұғалімге сабырлық, қажырлық, суйіспеншілік, ізгілік қажет!

Мұғалімнің үлгі болуға деген талпынысы өте маңызды. Ол - бала мен өткен және заманауи буынның рухани жалпыадамзаттық құндылықтары: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау арасындағы төреші. Бұл құндылықтар, білім мен моральды-этикалық нормалар балаларға таза түрде жеткізілмейді, олар бала бойына мұғалімнің жеке ерекшеліктері, көзқарастарымен, ізгілік мінез-құлық үлгісі арқылы сіңеді. Ізгілікті педагог, балаларды білімге құштарландыра, өзінің мінезімен нағыз адамгершіліктің үлгісі ретінде болады.

Бала үшін мұғалімсіз білім жоқ, тек өзінің ұстазына деген сүйіспеншілік арқылы ғана бала білім әлеміне есік ашады, қоғамның моральдық құндылықтарын игереді.  Білім алу - өмір сүру үшін ақша табу емес, білім алу дұрыс өмір сүру үшін болу керек. Білімнің мақсаты - баланы толыққанды жан-жақты дамыту. Оқыту үрдісінде бала тұлғасын тек физиологиялық және интеллектуалдық жағынан ғана дамытып қоймай, ең алдымен бала тұлғасының ең жоғарғы адамгершілік-рухани табиғатын ашу қажет.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©dogmon.org 2017
обратиться к администрации

    Главная страница